— Отырыс барысында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы, жекешелендіруді жүргізу барысы және атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау жөніндегі шаралар қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық шаралар жоспарының жобасын таныстырды.

— Министрлер кабинетінің мүшелері ұсынылған жобаға бірауыздан дауыс берді. Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министрдің кеңсесімен бірге бекітілген тәртіпте сәйкес Жарлықтың жобасын ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсыну тапсырылды.

— Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндады.  

— Бақыт Сұлтанов Жекешелендірудің кешенді жоспарының ағымдағы орындалуы, 2017 жылғы сату кестесінің орындалуы, топ нысандарды өткізу, веб-портал статистикасы туралы айтып берді.  

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау шаралары туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді.

— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялауға қатысты тілшілердің сұрақтарына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді.

— Тамара Дүйсенова айтып өткендей, жаңа форматтағы АӘК әлеуметтік келісімшарт аясында 100 мыңнан астам әлеуметтік келісімшарт жасалды.

— Сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, 2018 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 570 мыңнан астам азаматты қамту жоспарланған.