• Министрдің айтуынша, туризмнің алдына өр мақсат қойылған — ЖІӨ-дегі сала үлесін 2016 жылғы 1%-дан 2025 жылға қарай 8%-ға дейін арттыру. Алға қойылған міндетке жету үшін 2017 жылы біраз жұмыс бағытталды.

• Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы «Экспо-2017» көрмесін өткізу кезінде алғаш рет пилоттық режимде Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге қазақстандық әуе компанияларының рейстерімен қатынайтын ҚХР азаматтары үшін 72-сағаттық визасыз режим апробацияланды. Таяу уақытта осындай режимді Үндістан үшін де енгізу жоспарланып отыр.

• А. Мұхамедиұлы «Ел жүрегі — Астана» Елорданың 20 жылдығын өткізуге дайындық туралы айтып берді.

• Бұдан өзге, мәдениет және спорт министрі 2017 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ішкі туризммен келушілер саны 25% артып, 3,5 млн адамды құрағанын айтып өтті.

• Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Дана Құрмашева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ішкі туризмді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

• Дана Құрмашеваның айтуынша, өңірлермен жұмыс кластерлік сипатта жасалды. Туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, онда кластерлік принцип айқын жазылған.