— Отырыс барысында ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі жасалды; агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру; бәсекелестікті дамыту; Пхенчхан қаласындағы 2018 жылғы ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қаралды. 

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ұлттық банктің басқарма төрағасы Данияр Ақышев 2018 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады. Қорытындысы бойынша тиісті Үкімет қаулысы қабылданды. 

— Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру барысы туралы баяндады. 

— Сондай-ақ, аталған тақырыпта ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, “ҚазАгро” басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, “Амиран” Қазақ тағамтану академиясы зауытының бас директорының орынбасары Жангелді Әбжаппаров, “Атамекен Агро” АҚ директоры Кентал Исламов сөз сөйледі. 

— Елімізде бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады. Талқыланған мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов өз пікірімен бөлісті.

— Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIІІ қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндады. Аталған мәселені қарау барысында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин де сөз сөйледі.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді. 

— ҚР Үкіметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселесіне қатысты журналистердің сұрақтарына ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев, «Амиран» Қазақ тағамтану академиясы зауытының бас директорының орынбасары Ж. Әбжаппаров, «Атамекен Агро» ЖШС директоры К. Исламов жауап берді. 

— Арман Евниев дәлме-дәл егіншілік және SMART-ферма сияқты технологияларды енгізу, сондай-ақ, электрондық астық қолхаттары жүйесін дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы толығырақ айтып берді.

— Жангелді Әбжаппаров «Амиран» Қазақ тағамтану академиясы зауытындағы өндіріс процесі туралы айтып өтті. 

— Кентал Исламов неліктен АӨК саласына жаңа технологиялар мен электронды форматқа көшудің қажеттігі туралы дәлел келтірді.