— Отырыс барысында Үкіметтің 2018 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы, 2018 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары, Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту мәселелері қаралды.

— Бірінші мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы А. Есімов баяндама жасады.

— Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Премьер-Министр жандандырылған Жұмыс жоспарының жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.

— Тимур Сүлейменов  2018 жылғы қаңтардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылғы бірінші айда ЖІӨ өсімі 4%-ды құрады.

— Жеңіс Қасымбек Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын таныстырды. Аталған мәселе бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев баяндама жасады. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин түсініктеме беріп өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасының жобасы қабылданды.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, ол журналистердің Шымкент агломерациясын дамытуға қатысты сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, агломерацияны дамыту өңірлер тұрғындарының өмірінің барлық салаларына оң әсер етеді.