• Жандар Омаров 2017–2025 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жеңілдікпен несиелер беру тетігі туралы айтып берді.

• Нұржан Сейсенбаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Корпорация Бағдарлама шеңберінде 2017 жылы 12 млрд теңгеден астам сомаға 2 мыңнан астам несие берген. Жалпы алғанда, Бағдарлама бойынша қаржыландыру нәтижесі 2340-тан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

• Қайрат Мақаев несие беру жүйесіндегі және шаруаларға кепілдіктер берудегі өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ, «ҚазАгроКепіл» АҚ басшысы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шарттарының өте қолайлы екенін айта отырып, Бағдарлама аясында фермерлерді батыл әрекет жасап, жеке бизнес ашуға шақырады.