• Арыстан Қабыкенов 2018 жылдың өткен кезеңіндегі инвестицияларды тарту қызметтің қорытындысымен таныстырып, осы жылдың соңына дейін іске асырылатын міндеттер туралы айтып берді.

• Мағзұм Мырзағалиев инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар туралы айтып беріп, журналистердің Астана мен қала маңындағы ауылдарды газдандыру жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

• Олжас Исабеков Елбасының ресми сапарларының қорытындысы бойынша жыл басынан бері қол жеткізілген сауда-экономикалық келісімдер туралы баяндады.

• Сапарбек Тұяқбаев 2018 жылы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша аралық қорытындылар туралы айтып берді. Қазақстанға ТҰК тарту мәселесі бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген Сапарбек Тұяқбаев бүгінгі таңда ТҰК-пен жұмыс жасау жүйеленгенін атап өтті.