АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Булат Столяров, АЭФ ұйымдастыру комитетінің мүшелері Бауыржан Тұрлыбеков және Динара Жолдаспаева шара спикерлері болды.

  • Тимур Сүлейменовтың айтуынша, осы жылы форум жаңартылған форматта өтіп, жаһандық сын-тегеуріндер саммитіне айналады. Сондай-ақ, ол Астана экономикалық форумының тақырыптары туралы айта отырып, 11 жаһандық сын-тегеурінді атап өтті.

  • Булат Столяров АЭФ-2018 аса маңызды аспектілері, басты мақсаттары мен спикерлері туралы айтып, форумға дайындық барысы туралы мәлімдеді. 

  • Динара Жолдаспаева АЭФ аясында дәрістер фестивалін өткізу туралы және жалпы форумның жаңа форматы жайында айтып берді.