— Отырыс барысында ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту, каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары қаралды.

— Ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады. Аталған мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен «ҚазАгро» ұлттық басқарма холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов баяндама жасады. Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә. Өсербаев өңірлердегі ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту қарқыны туралы баяндады.

— Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады. Өңірлердегі жағдай туралы Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Астана әкімі Ә. Исекешев, Алматы әкімі Б. Байбек және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары В. Крылов баяндады.

— Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары туралы баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен брифинг өтті. Ол агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қазіргі мақсатты индикаторларын өзгерту туралы айтып берді.