— Отырыс барысында 2018 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы, Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, Шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселелері қаралды.

— 2018 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев баяндады.

— Ведомствоның 2018 жылдың бес айындағы жұмысының қорытындысы туралы энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

— Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады. Өңірлердегі орталықтандырылған және ауылдық сумен жабдықтау жүйелерін дамыту туралы отырыс барысында Павлодар облысының әкімі — Б. Бақауов, Қостанай облысының әкімі — А. Мұхамбетов, Батыс Қазақстан облысының әкімі — А. Көлгінов, Маңғыстау облысының әкімі — Е. Тоғжанов баяндама жасады. 

— Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын орындау барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев цифрландырудың мүмкіндіктерін жаппай пайдалануды қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудан орталықтарында құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық орталықтардың жұмысын цифрландыру ұсынылатынын айтты.