— Отырыс барысында көктемгі егін жұмыстарын өткізу барысы, орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық, ҰБТ өткізуге дайындық барысы, еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру мәселелері қаралды.

— Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндады. Өңірлерде көктемгі егін жұмыстарын жүргізу барысы туралы Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин мәлімдеді. Премьер-Министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев егін егу науқаны барлық өңірлерде кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

— Ішкі істер министрі Қ. Қасымов пен ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселелері жөнінде баяндады.

— Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

— Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев баяндады.

—  ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Рамазан Әлімқұлов журналистердің мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын аудиториялардың материалдық-техникалық базасының жаңартылуы туралы сұрақтарына жауап берді.

— Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізуге дайындық туралы айтып берді. Атап айтқанда, қауіпсіздік, техникалық құралдармен жарақтандыру мәселелеріне тоқталды.

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерін Электронды еңбек биржасының enbek.kz сайтының жұмысы туралы ақпараттандырды. Вице-министр сонымен қатар қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек қызметі толық автоматтандырылғанын айтты. Бұл көмек биыл 1 қаңтардан бастап жаңа форматта көрсетіліп келеді.