— Отырыс барысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың 6 айында іске асырылу барысы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды енгізу және пайдалану мәселелері қаралды.

— Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жарты жылдығында іске асырылу барысы туралы баяндады.

— Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеудің және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары туралы баяндады.

— «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды енгізу және пайдалану туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев пен білім және ғылым министрі Е. Сағадиев баяндады.

— Отырыстың қорытындысы бойынша білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына жұмыс дәптерлерін міндетті сатып алу туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, жұмыс дәптерлері — оқытуға арналған қосымша материал және оларды қолдану міндетті емес.

— Сонымен қатар, А. Аймағамбетов нөлінші сыныптарға қабылдау үшін ешқандай емтихандар болмайтынын айтты. Мектеп әкімшілігі ата-аналардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы ережеде көрсетілгендерден басқа, қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс.