— Отырыс барысында 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары, «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзекті ету, ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтарды дамыту жобаларының іске асырылу барысы қаралды.

— 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары О. Смоляков баяндады.

—  2018 жылғы 7 айдағы өнеркәсіптік өндірісті дамыту туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.

— 2018 жылдың 7 айындағы отын-энергетика саласының негізгі даму көрсеткіштері туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді.

— Екінші мәселені қарау аясында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамытудың өзектілендірілген бағдарламасының жобасын таныстырды. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов баяндама жасады.

— «ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асыру туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндады. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев аталған мәселе бойынша сөз сөйледі.