— Отырыс барысында формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы, сондай-ақ, еліміздің дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асрыу мәселелері қаралды.

— Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады.

—  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау жөніндегі жол картасын іске асыру барысын қарау қорытындысы бойынша формальды емес жұмыспен айналысатын адамдарды ел экономикасына тарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

— Елдің 2025 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру мәселелері туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндады

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың және ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығы жөнінде айтып берді.

— Сондай-ақ, ол әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасын іске асырудың алғашқы қорытындылары туралы айтып берді.