— Отырыс барысында 2018 ж. сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды. 

— Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен қаржы министрі Б. Сұлтанов еліміздің 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы баяндады.

— Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2018 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы инфляция деңгейі туралы айтып берді

— Өңірлердің әкімдері өз облыстарындағы 2018 ж. сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы баяндады. 

— Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев цифрлық технологияларды қолдану арқылы салаларды технологиялық жаңғыртуды жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

— Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметті жобалық басқару жүйесі аясында әкімдіктерге жұмысты күшейту керектігін айтты

— ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың сегіз айындағы еліміздің экономикалық көрсеткіштерінің төмендегенін айтты.

— Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Н. Маубелинова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары баяндады.

— Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен таныстырды.

— Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

— Қайырбек Өскенбаев мүлікті меншіктенушілердің жаңа жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді

— Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанда лифт мәселелері қалай шешілетінін айтып берді.