— Отырыс барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жетілдіру жөніндегі шаралар, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс барысы, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері қаралды. 

—  Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасады.

— Халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы баяндады.

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және «Қазақтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Тәжібеков баяндады

— 2018 ж. сегіз айындағы инфляция деңгейі туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндады

— Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Е. Біртанов алғашқы медициналық көмек қызметкерлерінің еңбекақыларын ұлғайту туралы айтып берді. 

— Сондай-ақ, министр денсаулықтың электронды паспорттары туралы толығырақ айтып берді