ҚР Парламенті Сенатының депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов шара спикерлері болды.

• Сәуле Айтпаева Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атқарып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді

• Мақсат Байболов кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес бойынша атқарылған шаралар туралы мәлім етті.

• Светлана Жақыпова балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік мәселелерге түсініктеме беріп өтті.