— Отырыс барысында денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың өзекті мәселелері, 2018 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу мәселелері қаралды. 

— Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында денсаулық сақтаудың қазіргі мәселелері мен медициналық көмек көрсету сапасын арттыру туралы баяндады.

— Еліміздегі қалыптасқан жағдай және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өспеуі үшін жасалып жатқан шаралар туралы Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев пен ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов және ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев айтып берді.

— Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселелері туралы баяндады.