— Отырыс барысында Өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова Өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы және мемлекеттік бағдарлама мәртебесінде оның өзектілендірілуі жобасы туралы ақпарат берді. Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов Бағдарлама аясындағы шағын несие беру схемасы туралы айтып берді. ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды іске асыру барысы жөнінде баяндады. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев өз баяндамасында Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы айтып берді. Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және дағдыларды меңгеру бойынша оқу орталықтары тізілімін жүргізу жұмыстары атқарылып жатқанын атап өтті.

— Әділет министрі Марат Бекетаев 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы баяндады

—  ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қазақстандықтарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.