— Отырыс барысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының 2018 жылғы тоғыз айдағы іске асырылу барысы, бизнес-ортаны одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар, Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын өзектілендіру және іске асыру барысы қаралды.

— «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының осы жылдың тоғыз айында жүзеге асырылу барысы туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және «Бәйтерек» ҰБХ АҚ төрағасы А. Әріпханов баяндады

— Бизнес-ортаны одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов айтып берді

— Сонымен қатар, Үкімет отырысында Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі Жол картасынының жаңартылған жобасы мақұлданды. Аталған мәселе бойынша ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндама жасады

— Отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Арман Евниев «Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы» түсінігі туралы толығырақ мәлімет берді. 

— Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін жақсарту туралы тапсырмасының орындалу барысына қатысты журналистердің сұрақатырна жауап берді.