— Отырыста Инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар қаралды.

— 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Е. Қизатов баяндады.

— Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және энергетика министрі Қ. Бозымбаев ақпарат берді.

— Премьер-Министр мәселені қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.