— Отырыста тарифтер мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету шаралары, ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері қаралды.

— ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің 07.11.2018 ж. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді.

— Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының тарифтерді төмендету және тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлердегі көмірмен қамту және түпкілікті тұтынушылар үшін бағаны төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

— Бұдан өзге Үкімет отырысында кабельдік кәріз желілерін жалға беру қызметі тарифтерін, сонымен қатар, ауылдарда кабельді телефон мен интернет тарифтерін реттеу бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова баяндады.

— ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

— Сонымен қатар, Т. Сүлейменов әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

— Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев пен мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы туралы баяндады.

— Қаржы министрі Ә. Смайылов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

— 2019–2023 жж. арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен 2019–2021 жж. арналған бюджеттік параметрлердің нақтыланған болжамы туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндады.

— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясына тарифтерді 25%-ға дейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.



Оставайтесь в курсе событий Премьер-Министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал