— Отырыста ҚР-да Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, индустриялық-инновациялық дамудың 2020–2025 жылдардағы тұжырымдамасы, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру мәселелері қаралды. 

— Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады

— ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының аясында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдама жобасын таныстырды.

— Сондай-ақ, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек әлеуметтік маңызды салаларға цифрлық технологияларды енгізу барысы туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында өңделген тауарлардың экспортын ұлғайту және қолданыстағы кәсіпорындардың санын арттыру шаралары туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев пен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтып берді.

 



Оставайтесь в курсе событий Премьер-Министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал