— Отырыста 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы және жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды.

—  Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов және Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев осы жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасады.

— Қаржы министрі Ә. Смайылов, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен өңірлердің әкімдері 2018 жылдың 11 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы баяндады.

— Өнеркәсіп, құрылыс, көлік кешені салаларының 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек баяндады.

— Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 2018 жылдың 11 айындағы отын-энергетика саласының дамуы туралы баяндады.

— Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев 2018 жылдың 11 айындағы ауыл шаруашылығы саласының даму қорытындылары туралы баяндады.

— Қаржы министрі Ә. Смайылов және ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов биылғы 11 айда жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндады.

 



Оставайтесь в курсе событий Премьер-Министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал