Отырыста электронды үкіметті дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ, техникалық реттеу мәселелері қаралды. 

— «Электронды үкіметті» және мемлекеттік қызметтер көрсетуді дамыту туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы А. Оспанов баяндады.

— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б. Бейсенғалиев техникалық реттеу және оны әрі қарай жетілдіру мәселелері бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглованың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— ХҚКО жаңа әзірлемелерінде биометрияны қолдану туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтып берді.

— Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша алдағы жоспарлар туралы әңгімеледі.