— Отырыста Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысы, мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері қаралды.

— Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру туралы Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев баяндады

— Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері қаралды. Аталған бағыттың іске асырылуы туралы ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР қаржы вице-министрі Р. Бекетаевтың және ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры С. Ахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді.

— Р. Бекетаев заңға енгізілген өзгерістер мемлекеттік сатып алуларды және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын жүргізу сапасына қалай әсер ететінін түсіндірді.