— Отырыста 2019 жылғы қаңтардағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың даярлығы қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Ә. Смайылов және Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев 2019 жылғы қаңтардағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары туралы баяндады.

— Тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мәселесі қаралды. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов мемлекеттік өртке қарсы қызмет және жергілікті атқарушы органдар өртке қарсы шаралар қабылдап жатқанын айтты.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.