— Отырыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және отандық автомобиль жасаушыларды бюджеттік несиелендіру мәселелері қаралды.

— «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев баяндады.  

— Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін және отандық автомобиль жасаушыларды бюджеттік несиелендіру мәселелері бойынша Үкімет Қаулысының жобасы мақұлданды. Аталған мәселеге қатысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек баяндама жасады.