— Отырыста Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.  

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау шаралары туралы баяндады.

— Білім беру мәселелеріне қатысты алға қойылған міндеттерді орындау бойынша Білім және ғылым министрлігінің тәсілдері туралы министр К. Шәмшидинова баяндады.

— Денсаулық сақтау саласына қатысты алға қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыс тәсілдері туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.  

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов еңбекақы мөлшерін ұлғайту және моно, шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қаржыландыру мәселелері туралы баяндады

— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша әзірлеген шаралар кешені, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын жандандыру және жолдардың салынуын арттыру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады.

— Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

— Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бюджет қаражаттарын бөлу туралы Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады.

— Сонымен қатар, отырыста «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов сөз сөйледі.

— ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин мәселені қарау қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.