— Күн тәртібінде ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім, ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы қаралды.

— ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жобасы қаралды.

— Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев пен ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтың баяндамалары тыңдалды. 

— Индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру барысы туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласы үшін машина жасауды дамыту туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласын дамыту туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады. 

— ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу бойынша жол картасына енгізілетін толықтырулар туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

—  Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы жаңа Келісімнің маңыздылығы туралы, Президенттің бюджет саласының төмен жалақы алатын жұмыскерлерінің еңбекақысын көтеруді а. ж. 1 шілдесінен 1 маусымына шегеру бойынша тапсырмасының орындалу барысы және елорда атауын өзгертудің ел бюджетіне салмағы туралы айтып берді.

—  Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы жаңа Келісім аясындағы, көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді.