— Отырыста 2019–2023 жылдарға ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы, 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы; ҚР 2019–2025 жылдарға арналған туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.

— Биылғы қаңтар–ақпандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, Ұлтттық банк төрағасы Е. Досаев және ұлттық экономика министрі Р. Дәленов таныстырды.

— Негізі макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамдары туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов және ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады.

— Үкімет отырысында биылғы қаңтар–ақпандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы шығарылды. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов және ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндама жасады.

— ҚР 2019–2025 жылдарға арналған туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы таныстырды.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың және ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

— ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Президентінің «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында қарастырылған қосымша бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бағытталатынын айтып берді.

— Ел экономикасының түрлі салаларындағы көрсеткіштердің өсу динамикасы туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді.

— Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2025 жылға дейін туристік саланы дамыту бойынша ұсынылатын шаралар туралы айтып берді.