ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар! 

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің еліміз ұлт пен ұлыстың ынтымағын қашаннан өзінің қастерлі құндылықтарының қайнар көзі ретінде ұлықтап келеді. Қоғамдағы ортақ келісімнің арқасында Қазақстан тұғырлы тұрақтылықтың темірқазығына, береке мен бірліктің ордасына айналды. 

Ауызбіршілік пен бауырмалдықтың осындай жарқын үлгісі биылғы су тасқыны орын алған күрделі кезеңде де айқын көрінді. Халқымыз қиындық атаулыны жұмыла еңсеріп, бір-біріне көмек қолын созуда. Елдің болашағы – бірлікте! Ал ертеңін ойлаған елдің іргесі ешқашан ажырамайды. 

Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

                  

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Олжас Бектенов

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу