Үкімет Аппараты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Аппарат туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Аппараттың миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

 

Аппараттың негізгi мiндеттерi мыналар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-министр шешiмдерiнің, Премьер-министр, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-министр, оның орынбасарлары және Аппарат басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Байланыс ақпараты:

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет

 

Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

Қазақстан мен корейлік CONTEC Space Group ғарыш саласындағы ынтымақтастықты пысықтауда

Сеулде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Оңтүстік Кореяның ғарыш саласындағы негізгі компанияларының бірі - CONTEC Space Group компаниясының құрастыру-сынау кешеніне барды. Компанияның басқарма төрағасы Ли Сонхимен кездесуде бірлескен технологиялық және инвестициялық жобалардың перспективалары талқыланды.

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ел өңірлерінде жаңа әлеуметтік, медициналық, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандар ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауылдық елді мекендерді қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, ел өңірлерінде бірқатар маңызды нысандар мен жобалар іске қосылды.

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Үкімет су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту саласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осы міндеттердің жүзеге асырылу барысын бақылау шеңберінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында салынып жатқан жаңа «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылыс барысымен танысты.

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында облысаралық және ауданаралық автожолдарды кең ауқымда жөндеу жөнінде қойған міндеттері шеңберінде Батыс Қазақстан облысында Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын, жалпы ұзындығы 245 шақырым жолға жүргізілген реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

2025 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, ЖИ ассистенттер 2 млн-нан астам сұранысты өңдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым және адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және технологиялық өсімге жағдай жасау стратегиялық басымдықтар қатарында айқындалған.

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді.

Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иэн Сондерс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ДКҰ басшысы арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Олжас Бектенов: Мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің бірінші отырысы өтті. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға сәйкес жаңа төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ант берді.

Жобалық кеңсе жұмысы аясында квазимемлекеттік сектор облигацияларымен жасалатын операцияларға салық салудың бірыңғай тәсілі қолдау тапты

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 27-отырысында қазақстандық қор биржаларында сатып алғаннан кейін олардың биржадан тыс айналысы кезінде квазимемлекеттік сектор облигацияларымен операцияларға салық салу мәселесі қаралды.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №687 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №675 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №681 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №672 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №673 қаулысы