13 Қазан 2026, 09:10
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторын айқындау туралы
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу