Үкімет Аппараты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Аппарат туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Аппараттың миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

 

Аппараттың негізгi мiндеттерi мыналар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-министр шешiмдерiнің, Премьер-министр, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-министр, оның орынбасарлары және Аппарат басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Байланыс ақпараты:

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет

 

Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды.

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NU базасында аса маңызды минералдар саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында қазақ-бельгия дөңгелек үстелін өткізді.

«Заң мен тәртіп» және азаматтардың цифрлық құқықтарын Конституция деңгейінде қорғау: Қазақстанда кибералаяқтық саны 40%-ға азайды, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері тарапынан Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлесіп киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың интеллектуалды жүйесін құру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихатындағы негізгі қорытындылар

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрлеріі Ростислав Коняшкин пен Бақтияр Мұхаметқалиев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев, сондай-ақ қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қатысты.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы