Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 308-7) және 308-8) тармақшалармен толықтырылсын:

«308-7) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобаларына кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

308-8) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан келісу;»;

384) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«384) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«395) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысына жоспарлау қағидаларын келіседі;»;

мынадай мазмұндағы 490-2) тармақшамен толықтырылсын:

«490-2) өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобалардың нысанасы ескерілетін, жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу не оған өзгерістер енгізу мүмкіндігін растау;»;

494-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«494-2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою және есебінен шығару қағидаларын, сондай-ақ «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын жүргізу және түгендеу тәртібін әзірлеу, бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 494-8) тармақшамен толықтырылсын:

«494-8) жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және бөлу қағидаларын әзірлеп, бекіту;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу