01 Қазан 2026, 10:00
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 293-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
293. |
Басқа қаржылық көрсетілетін қызметтер, экономиканың түрлі салаларындағы қаржыландыру, инвестициялық қызмет |
64992 |
республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамы; 2) «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы; 3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы; 4) «KTZ Express» акционерлік қоғамы; 5) «BV MANAGEMENT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 6) «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 7) «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 8) «Qazaq Gas Qurylys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 9) «BGlobal Ventures Ltd.» жеке компаниясы; 10) «Kokzhiyek Fund» Limited Partnership» тікелей инвестициялар қоры; 11) «Adal Fund» Limited Partnership» тікелей инвестициялар қоры; 12) «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 13) «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 14) «KMG Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 15) «Qazaqstan Growth Development Fund LP» шектеулі серіктестігі; 16) «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамы |
Қазақстан Республикасы, «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Павлодар облысы, «KMG Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Маңғыстау облысы |
үнемі, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, «KMG Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамына қатысты – 2033 жылға дейін
|
»;
реттік нөмірі 301-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
301. |
Қаржылық көрсетілетін қызметтер саласындағы өзге де қосалқы қызмет, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа |
66190 |
республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы; 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы; 3) «Құмар ойындар мониторингі және талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 4) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы; 5) «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы |
Қазақстан Республикасы |
үнемі, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 30 желтоқсанға дейін |
»;
реттік нөмірі 304-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
304. |
Қордың активтер портфелін сенімгерлік басқару қызметі |
66302 |
республикалық меншік/коммуналдық меншік |
1) «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы; 3) «BGlobal Ventures Ltd.» жеке компаниясы; 4) «Qazaqstan Investment Capital Management Ltd.» жеке компаниясы |
Қазақстан Республикасы |
үнемі |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу