Үкімет Аппараты

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

Философия ғылымдарының кандидаты.

  • 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

  • 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған. 

  • 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

  • 2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

  • 2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

  • 2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

  • 2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

  • 2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

  • 2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

  • 2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

  • 2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып  тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту;

  • мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру;

  • мемлекеттік аппаратты цифрландыру;

  • заң жобалау жұмысын жүргізу және норма белгілеуді жетілдіру.

Асқар Серікжанұлы Жәкенов

Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары

1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

  • 1998-1999 жылдары – «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында сыртқы экономикалық байланыстар, кеден және банк ісі бойынша жетекші маман, заң кеңесшісі.
  • 1999-2002 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы.
  • 2002-2003 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысының орынбасары.
  • 2003-2004 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысы.
  • 2004-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2013-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
  • 2019-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2023-2024 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.
  • 2024 жылдың ақпанынан бастап – ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары.

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Үкіметтің Құрылтайдағы өкілі
Ермек Әмірханұлы Аманшаев

1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы ҚазМУ филология факультетін үздік бітірді.  

Еңбек жолын 1979 жылы Маңғыстау облысы Ералиев ауданы №1 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы болып бастаған.

  • 1985–86 жж.— Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;

  • 1985–88 жж.— Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;

  • 1988–1991 жж.— «Жалын» журналының жауапты хатшысы;

  • 1991–1995 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы;

  • 1995 жылы ҚР Министрлер кабинеті Іс Басқармасының қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі мәдениет бөлімінің референті, содан кейін ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің консультанты, ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болып тағайындалды;

  • 1997–2000 жж.— Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясында түрлі лауазымдарды атқарды: үкімет шешімдерін дайындауды үйлестіру секторының меңгерушісі; сараптама-талдау бөлімінің консультанты; қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің өндірістік емес сала секторының консультанты; экономикалық бөлімнің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі; өңірлік даму және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі;

  • 2000 жылы Астана қаласының Мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды;

  • 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет Комитетінің төрағасы;

  • 2003 жылы — ҚР Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі, ҚР мәдениет вице-министрі, ҚР мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;

  • 2006–2008 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

  • 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісінің міндетін атқарды;

  • 2008 жылғы мамырдан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті.

  • 2014-2019 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

  • 2019-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР Үкіметінің Құрылтайдағы өкілі;

  • 2023 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Үкіметінің Құрылтайдағы өкілі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»; «Парасат» ордендерінің, 10-нан астам медаль және басқа да құрметті атақтың иегері. Филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының профессоры, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының академигі.

 

Лауазымдық міндеттері:

  • Құрылтайда Үкіметтің мүддесін білдіру және биліктің заң шығарушы тармағымен өзара сындарлы іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Президент, Үкімет айқындаған бағдарламалық құжаттарды заңнамалық іске асыруға қатысу және Құрылтайда заң жобаларының өтуін үйлестіру:

- Үкімет енгізген заң жобаларының сапалы және уақтылы өтуін қамтамасыз ету;

- Құрылтайда заң жобаларын қарау кезінде Мемлекеттік органдардың Үкімет регламентін сақтауын бақылау;

- заң жобалары бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу бойынша Құрылтайдың бейінді комитеттерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;

  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының және Үкімет мүшелерінің Құрылтайдың пленарлық, бірлескен отырыстарына, үкіметтік сағаттар мен Құрылтай тыңдауларына қатысуын ұйымдастыру:

- саяси партиялардың фракцияларымен, депутаттық топтармен, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттармен сындарлы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты басшысының заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысу;
  • Депутаттық сауалдарға жауаптарды, заң жобалары бойынша Үкімет қорытындыларын сапалы және уақтылы дайындау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың, Үкімет Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне мониторинг және бақылау жүргізу;
  • Құрылтайдағы Үкімет өкілдігінің қызметі бөлігінде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің жұмысын үйлестіру.

Саян Сансызбайұлы Құттыбаев

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Саян Сансызбайұлы Құттыбаев

1986 жылы 15 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, Mancosa бизнес мектебінде МВА дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Халықаралық (ABN AMRO, Royal Bank of Scotland, HSBC) және қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде әр түрлі қызметтерді атқарған.

  • 2012 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің үшінші хатшысы болған.

  • 2014-2019 жж. Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, Сыртқы талдау және болжау департаментінің екінші хатшысы және ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген.

  • 2019 жылы — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының кеңесшісі.

  • 2020-2021 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2021-2022 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі.

  • 2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

  • 2023 жылғы 7 ақпанда ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.


 

Лауазымдық міндеттері:

  • Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері;

  • сыртқы саясаттың, сыртқы экономикалық саланың өзекті мәселелері, елдегі және әлемдегі тенденциялар туралы талдамалық материалдар дайындауды үйлестіру;

  • Премьер-Министрді жұмыс сапарлары мен іскерлік кездесулерге, оның ішінде шетелдік тұлғалармен  кездесулерге ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;

  • Премьер-Министрдің ресми сапарлары мен халықаралық телефонмен сөйлесулерін мазмұндық толықтыру бойынша шетелдік үкіметтер мен шетелдік компаниялардың өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

  • Президент Әкімшілігімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Премьер-Министрдің халықаралық кездесулері мен сапарларын дайындау бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

  • «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі қызметінің мәселелері бойынша Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

  • Сыртқы экономикалық ынтымақтастық бөлігінде Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.

Аян Еранұлы Мағзұмов

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Аян Еранұлы Мағзұмов

1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

  • 2009-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
  • 2011-2012 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы. 
  • 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
  • 2013-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.
  • 2018 жылғы мамырдан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде сектор меңгерушісі.
  • 2019 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бас инспектор.
  • 2019 жылдың қараша айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2021 жылғы қазаннан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісі.
  • 2023 жылғы ақпаннан бастап — ҚР Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі.
  • 2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

  • Президент Әкімшілігімен, Парламентпен, орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет отырыстарына, Президент және Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Үкімет Аппараты басшысының кеңестеріне материалдар дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • Премьер-Министрдің жол карталарын, хаттамалық және өзге де тапсырмаларын іске асырудың тиімділігін талдау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • ҚР Президенті жанындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің, Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Республикалық бюджет комиссиясының, Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Отандық кәсіпкерлер кеңесінің, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырыстарына материалдар дайындауды үйлестіру;
  • Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, Тұрақты даму мақсаттарының құжаттарын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;
  • Премьер-Министрдің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі қызметін салааралық үйлестіру және ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын өзекті проблемалық және өзге де мәселелер бойынша кеңестер өткізу;
  • құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Экономикалық бөлімнің жұмысын үйлестіру.

Айжан Болатқызы Шайназарова

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары

Айжан Болатқызы Шайназарова

1971 жылы 10 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Философия» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1993–2001 жылдары білім және ғылым саласында Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істеді.
  • 2001–2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, одан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің бас маманы, талдау және мониторинг орталығының бастығы.
  • 2004–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас сарапшысы.
  • 2008–2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.
  • 2009 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы.
  • 2009–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
  • 2019–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2021 жылы — Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2021–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.
  • 2022–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2023–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2025 жылғы мамырдан бастап – Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтар тізбегі

Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында мемлекеттік әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуіне, сондай-ақ кәсіпорындардың азаматтардың еңбек құқықтарын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге және еңбек саласындағы тәуекелдердің алдын алуға бағытталған цифрлық шешімдерге назар аударылды.

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды.

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NU базасында аса маңызды минералдар саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында қазақ-бельгия дөңгелек үстелін өткізді.

«Заң мен тәртіп» және азаматтардың цифрлық құқықтарын Конституция деңгейінде қорғау: Қазақстанда кибералаяқтық саны 40%-ға азайды, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері тарапынан Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлесіп киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың интеллектуалды жүйесін құру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихатындағы негізгі қорытындылар

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрлеріі Ростислав Коняшкин пен Бақтияр Мұхаметқалиев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев, сондай-ақ қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қатысты.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы