Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев
1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.
Философия ғылымдарының кандидаты.
1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту;
мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру;
мемлекеттік аппаратты цифрландыру;
заң жобалау жұмысын жүргізу және норма белгілеуді жетілдіру.
1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
1963 жылы 12 наурызда Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы ҚазМУ филология факультетін үздік бітірді.
Еңбек жолын 1979 жылы Маңғыстау облысы Ералиев ауданы №1 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы болып бастаған.
1985–86 жж.— Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1985–88 жж.— Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–1991 жж.— «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–1995 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы;
1995 жылы ҚР Министрлер кабинеті Іс Басқармасының қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі мәдениет бөлімінің референті, содан кейін ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің консультанты, ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болып тағайындалды;
1997–2000 жж.— Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясында түрлі лауазымдарды атқарды: үкімет шешімдерін дайындауды үйлестіру секторының меңгерушісі; сараптама-талдау бөлімінің консультанты; қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің өндірістік емес сала секторының консультанты; экономикалық бөлімнің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі; өңірлік даму және әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі;
2000 жылы Астана қаласының Мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды;
2002 жылы — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет Комитетінің төрағасы;
2003 жылы — ҚР Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі, ҚР мәдениет вице-министрі, ҚР мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006–2008 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісінің міндетін атқарды;
2008 жылғы мамырдан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті.
2014-2019 жж. — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2019-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары – ҚР Үкіметінің Құрылтайдағы өкілі;
2023 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Үкіметінің Құрылтайдағы өкілі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»; «Парасат» ордендерінің, 10-нан астам медаль және басқа да құрметті атақтың иегері. Филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының профессоры, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының академигі.
Лауазымдық міндеттері:
- Үкімет енгізген заң жобаларының сапалы және уақтылы өтуін қамтамасыз ету;
- Құрылтайда заң жобаларын қарау кезінде Мемлекеттік органдардың Үкімет регламентін сақтауын бақылау;
- заң жобалары бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу бойынша Құрылтайдың бейінді комитеттерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
- саяси партиялардың фракцияларымен, депутаттық топтармен, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттармен сындарлы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Саян Сансызбайұлы Құттыбаев
1986 жылы 15 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, Mancosa бизнес мектебінде МВА дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2008 жылы бастады. Халықаралық (ABN AMRO, Royal Bank of Scotland, HSBC) және қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде әр түрлі қызметтерді атқарған.
2012 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің үшінші хатшысы болған.
2014-2019 жж. Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, Сыртқы талдау және болжау департаментінің екінші хатшысы және ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген.
2019 жылы — ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының кеңесшісі.
2020-2021 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021-2022 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі.
2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 7 ақпанда ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері:
Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері;
сыртқы саясаттың, сыртқы экономикалық саланың өзекті мәселелері, елдегі және әлемдегі тенденциялар туралы талдамалық материалдар дайындауды үйлестіру;
Премьер-Министрді жұмыс сапарлары мен іскерлік кездесулерге, оның ішінде шетелдік тұлғалармен кездесулерге ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Премьер-Министрдің ресми сапарлары мен халықаралық телефонмен сөйлесулерін мазмұндық толықтыру бойынша шетелдік үкіметтер мен шетелдік компаниялардың өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Президент Әкімшілігімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Премьер-Министрдің халықаралық кездесулері мен сапарларын дайындау бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі қызметінің мәселелері бойынша Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
Сыртқы экономикалық ынтымақтастық бөлігінде Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.
Аян Еранұлы Мағзұмов
1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.
Лауазымдық міндеттері:
Айжан Болатқызы Шайназарова
1971 жылы 10 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Философия» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы