Үкімет Аппараты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Аппарат туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Аппараттың миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

 

Аппараттың негізгi мiндеттерi мыналар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-министр шешiмдерiнің, Премьер-министр, оның орынбасарлары, Аппарат Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-министр, оның орынбасарлары және Аппарат Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Байланыс ақпараты:

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет

 

Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

Олжас Бектенов: Қазақстан мен Қытай көшбасшылары арасындағы сенімге негізделген диалог екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруде

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов  China Tianying Inc. компаниясының президенті әрі партия комитетінің хатшысы Дэбяо Цаомен кездесті. Жүздесу барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және энергетикалық кәдеге жарату саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанда жасалған: ішкі өндіріс халықты жұмыспен қамтып, нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бойынша жүйелі шаралар қабылдап келеді. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес негізгі басымдықтар экономикалық патриотизмді дамытуға, қазақстандық тауар өндірушілердің әлеуетін барынша ашуға және жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын ірі өндірістерді іске қосуға бағытталған.

Жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 21-ші отырысында құжат жобасына кезекті түзетулер топтамасы жасалды

Жаңа топтама Жобалық кеңсе мен салалық жұмыс топтарының жұмысы барысында берілген ұсыныстарды, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Үкімет қаулылары, Премьер-министрдің тапсырмалары және Жобалық кеңсенің шешімдерін орындау үшін әзірленген түзетулерді біріктірген. Бүгінгі таңда пакетке барлығы 45 өзгеріс енгізілді. Олардың негізгі ережелері 2 шілдеде Ұлттық экономика министрлігінің сайтында және «Ашық НҚА» порталында жарияланған реттеуші саясаттың консультативтік құжатына енгізілді.

Президент тапсырмасы бойынша өңірлерде инфрақұрылым мен өнеркәсіп қарқынды дамып келеді: шілде айының басынан бері қандай жобалар іске қосылды

Президенттің инфрақұрылымды дамыту және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда жаңа өндіріс орындары іске қосылып, көлік инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Төменде өткен аптадан бері пайдалануға берілген өнеркәсіп, логистика және су шаруашылығы жобаларын ұсынамыз.

Олжас Бектенов Алатау қаласы кеңесінің отырысын өткізді: Мемлекет басшысының жаңа қаланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

ЕЭК Кеңесі Қазақстанның навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынысын қолдады

Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация тауарларды тасымалдауды бақылау үшін қолданылатын, үшінші елдерде өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде бастама көтерген болатын.

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті, доктор Суреш Гаримелламен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан үшін басым салалар бойынша бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту перспективалары қаралды.

Инвесторлармен ынтымақтастық дамудың жаңа кезеңіне қадам басады: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды.

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Салық кодексін енгізудің жобалық кеңсесі ЖТС бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мәселелерін қарады

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 20-шы отырысы өткізілді. Отырыстың негізгі тақырыбы – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша базалық және әлеуметтік салық шегерімдерін қолданудың практикалық мәселелері.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №605 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №601 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №600 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 шілдедегі №583 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 шілдедегі №589 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №564 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 маусымдағы №556 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №546 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №542 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №529 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №526 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №521 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 маусымдағы №514 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №511 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №500 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №499 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №493 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы №487 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №492 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдағы №469 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 маусымдағы №483 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №476 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №475 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №463 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдагы №471 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №419 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №445 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №418 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №416 қаулысы