Үкімет Аппараты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Хатшылығы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Хатшылығы

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

Премьер-министрдің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

  • Премьер-министрді уақытылы және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Премьер-министр мен Үкіметтің атына келіп түсетін хат-хабарларды қабылдау, олардың толықтығын тексеру, белгіленген тәртіппен қарауға және орындауға тапсыру;

  • Премьер-министрдің хаттамалық және жеке тапсырмаларының орындалуын бақылау;

  • Қазақстан Республикасы заң жобаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, Үкімет пен Премьер-министр актілерілерінің Премьер-министрге қол қоюға беру алдында қажетті келісімдер мен құжаттарының болуын тексеру;

  • Премьер-министрдің Қазақстан Республикасында аккредиттелген министрліктердің, агенттіктердің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, жергілікті атқарушы органдардың, дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерін, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын, Үкімет Аппараты қызметкерлерін, қоғамдық және басқа ұйымдардың, шетелдік фирмалар мен компаниялардың өкілдерін күнделікті жеке қабылдауын үйлестіру;

  • Премьер-министрдің қабылдау бөлмесінің тәулік бойы жұмыс істеуі;

  • Премьер-министрдің қызметін ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз ету;

  • Премьер-министрдің өңірлерге жұмыс сапарларына дайындық жүргізу және өткізу;

  • Премьер-министрдің шетелдік сапарларын, сондай-ақ басқа да халықаралық іс-шараларға дайындық жүргізу және өткізу;

  • Премьер-министрдің қызметін консультациялық қамтамасыз ету.

 

 

ҚР Премьер-министрі Хатшылығының меңгерушісі

Руслан Тоқтарұлы Атығаев

 

Руслан Атығаев 1988 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 

Еңбек жолын 2011 Астана қаласының Қаржы басқармасында статист болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы елорда әкімінің аппаратында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеді. 

 

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында инспектор, меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарды.

 

2024 жылғы ақпанда ҚР Премьер-министрі Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

 

 

ҚР Премьер-министрі Протоколының бастығы

 

Расул Маратұлы Тынысбаев

 

Расул Тынысбаев 1990 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Оксфорд бизнес колледжін (Ұлыбритания) бітірген.

 

Еңбек жолын 2013 жылы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМК маманы қызметінен бастады.

Әр жылдары Еуразиялық интеграция департаментінің, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, ҚР СІМ Мемлекеттік Протокол қызметінің дипломатиялық корпуспен жұмыс басқармасының үшінші хатшысы болып жұмыс істеді.

 

2021 жылдан — ҚР Президенті Протоколы қызметінің референті, сарапшысы.

 

2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Премьер-министрі Протоколының бастығы болып тағайындалды.

 

 

ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы

Диляра Ардаққызы Аленова


 

1993 жылы дүниеге келген, ҚазГЗУ университетін тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 2014 жылы журналист ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасының коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

 

2024 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-министрінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз қызметі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің және оның орынбасарларының қызметі туралы ақпараттық материалдарды жедел жариялауды қамтамасыз ету

  • Премьер-министр мен оның орынбасарларының қызметі туралы ресми ақпаратты жедел дайындау;

  • Премьер-министрдің қызметі туралы, оның ішінде өңірлерге және шетелдерге жұмыс сапарлары бойынша фото-, бейнеөнімдерді дайындау;

  • шет мемлекеттердің, шетелдік ұйымдардың баспасөз қызметтерімен (немесе олардың функцияларын орындайтын құрылымдарымен) өзара іс-қимыл жасау;

  • Үкімет қаулыларын, Премьер-министр өкімдерін және жариялауға жататын өзге де құжаттарды ресми ақпараттық ресурста орналастыру;

  • Үкіметтің ресми интернет-ресурсын және оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын ақпаратпен толықтыру.

 

Премьер-министр мен Үкіметтің қызметін баспа құралдарында жариялау мақсатында отандық және шетелдік БАҚ-тармен өзара іс-қимыл жасау.

  • БАҚ-ты Премьер-министр мен Үкіметтің қызметі туралы ресми ақпаратпен жедел қамтамасыз ету, БАҚ-та пресс-релиздер мен өзге де ақпараттық-түсіндіру материалдарын тарату;

  • Үкіметтің Баспасөз-орталығының жұмысы қамтамасыз ету;

  • Премьер-министр мен оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің БАҚ өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын, кездесулерін және өзге де іс-шараларын өткізу;

  • журналистерді және БАҚ-тың басқа да өкілдерін аккредиттеуді жүргізу, оларға Премьер-министр мен Үкіметтің қызметі туралы ақпаратты барынша толық және кеңінен тарату үшін жәрдем көрсету;

 

Үкіметтің ақпараттық жұмысының басым бағыттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың жұмысын  үйлестіру.

  • орталық атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының басым тақырыптық бағыттарын айқындау;

  • Үкімет қызметін БАҚ-та жариялау бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметтерінің қызметін үйлестіру.

 

 

 

ҚР Үкіметі Баспасөз қызметінің жетекшісі

Мақсат Жоламанұлы Төлегенов

 

1993 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

 

Еңбек жолын 2014 жылы бастады. Әртүрлі жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында баспасөз хатшысы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде баспасөз қызметінің жетекшісі, коммерциялық секторда қоғаммен байланыс жөніндегі маман болып қызмет етті. 2022 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

 

2024 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

Талдау бөлімі

Талдау бөлімі

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

  • Премьер-министр мен Үкіметтің қызметін талдамалық және ақпараттық қолдау; 

  • Үкімет Аппаратының талдамалық жұмысын үйлестіру;

  • Үкімет отырыстары мен Премьер-министрдің кеңестеріне материалдарды жинақтау және талдау;

  • «Smart Data Ukimet» АЖ үйлестіру және мониторинг жүргізу;

  • Мемлекет басшысының тапсырмалары мен сайлау алдындағы бағдарламасының орындауды жобалық сүйемелдеу, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді талдау.

     

Талдау бөлімінің меңгерушісі

Дмитрий Сергеевич Глухих 

 

1974 жылы 19 сәуірде Целиноград қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

«Есіл», «Столичный проспект», «Нива», «Азамат times», Вечерняя Астана газеттері мен журналдарында, «Хабар» агенттіггінде журналист болып жұмыс істеді.

  • 1999 жылдан — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінің бас инспекторы.

  • 2005 жылдан — ҚР Парламенті Сенатының Ақпараттық және парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы.

  • 2007 жылдан — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.

  • 2019 жылдан — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі.

  • 2023 жылдан — ҚР Үкімет Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі.

Заң бөлімі

Заң бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың нормашығармашылық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, Құрылтаймен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру

  • өзекті мәселелер бойынша талдау жұмыстарын жүргізу;
  • мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу. 

 

Премьер-министрдің, Үкіметтің және Аппараттың нормашығармашылық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, Құрылтаймен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету

  • заңдар мен Президент актілерінің жобаларын, сондай-ақ Үкімет, Премьер-министр қабылдайтын шешімдердің жобаларын сараптау, қорытындылардың нәтижелері бойынша дайындау;
  • заңдардың, Президент, Үкімет және Премьер-министр актілерінің жобалары бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастыру;
  • заңнамалық актілерді нормаларды шамадан тыс регламенттеу тұрғысынан тексеру және Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен өкілеттіктерін орталықсыздандыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
  • халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда талқылау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

 

Президент, Үкімет айқындаған бағдарламалық құжаттарды заңнамалық іске асыру және Құрылтайда заң жобаларының өтуін үйлестіру

  • мониторингті жүзеге асыру және Премьер-министр мен оның орынбасарларын Заң бөлімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және Үкіметтің тиісті жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары бойынша, сондай-ақ бар проблемалар мен тәуекелдер бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы хабардар ету.

 

Үкіметтің Құрылтай палаталарымен өзара іс-қимылын үйлестіру

  • Құрылтайда заң жобаларын қарау кезінде мемлекеттік органдардың Үкімет регламентін сақтауын бақылау;
  • саяси партиялардың фракцияларымен, депутаттық топтармен және Құрылтай палаталарының депутаттық корпусымен өзара іс-қимыл жасау.

 

 

Заң бөлімінің меңгерушісі

Ільяс Айсұлтанұлы Төлесов

 

1988 жылы 17 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2010 жылы Мәскеу қаласында Г.М. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Астана қаласындағы Қазақ Гуманитарлық заң университетін құқықтану факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған

• 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының сарапшысы

болып жұмыс істеді.

• 2014 жылғы маусым айынан бастап 2014 жылғы қазан айына дейінгі кезеңде  Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас

сарапшысы болып жұмыс істеді.

• 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

• 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

• 2016 жылғы  шілде айынан бастап 2016 жылғы қазан айына  дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

• 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас консультанты болып жұмыс істеді.

• 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің өндірістік емес мәселелер, өңірлік даму және заңнаманы жүйелеу салалары жөніндегі Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерімен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

• 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспектор болып жұмыс істеді.

• 2020-2022 жылдары "Kazakhstan Investment Development Fund management company" АҚ-гың басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

• 2022 жылғы наурыз айынан бастап  2022 жылғы маусым айына дейігі  аралықта   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының қызметін қамтамасыз ету Қызметінің бірінші басшысының көмекшісі болып жұмыс істеді.

• 2022 жылдың Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспектор болып жұмыс істеді.

• 2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

• 2023 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

• 2024 жылғы 27 наурыздан бастап Үкімет қаулысымен ҚР Үкіметі Аппараты Заң бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Өңірлік даму және бақылау бөлімі

 

Негізгі  міндеттер мен функциялар:

  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметін үйлестіру;
  • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен, Президенттің Әкімшілігімен, Құрылтайдың палаталарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • бөлімнің құзыретіне кіретін салааралық мәселелерді шешуге қатысу;
  •  Президент пен оның Әкімшілігінің Үкіметке берген актілері мен тапсырмаларының, Үкімет мен Премьер-Министрі шешімдерінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларының сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылау жүргізу;
  •  бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметіне сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-ақпараттық және болжамды қамтамасыз ету;
  • жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және мемлекеттік ұйымдардың Үкімет басшылығының нормативтік актілері мен тапсырмаларын орындауын тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың себептерін талдау, тиісті материалдарды дайындау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
  • Премьер-Министр мен оның орынбасарларының өңірлерге жұмыс сапарларын дайындау және оларға қатысу;
  • Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өңірлік даму мәселелері жөніндегі, оның ішінде Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының өңірлік сапарларын дайындау кезіндегі жұмысын үйлестіру;
  • жергілікті атқарушы органдардың қызметін, өңірлердің қоғамдық-саяси жағдайын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның ішінде оларды дамыту жоспарларының елдің аумақтық даму жоспарына, Ұлттық жобаларға, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларына және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарына сәйкестігін талдау және мониторингтеу, Үкімет басшылығын өңірлердегі істердің жағдайы туралы хабардар ету;
  • кейіннен бүкіл республика бойынша тарату мақсатында озық өңірлік тәжірибелерді зерделеу;
  • орталық, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктерді жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен кеңестер ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде белгіленген тәртіппен тиісті хаттамаға қол қою отырып, Мемлекет басшысы мен Үкімет басшылығының тапсырмаларының орындалу барысын бақылау;
  • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет отырыстарын, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының кеңестерін ұйымдастыру, отырыстар мен кеңестердің хаттамаларын дайындау.

 

Өңірлік даму және бақылау бөлімінің меңгерушісі 

Берік Оралұлы Жәкенов

Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі

 

Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

Жетекшілік ететін салаларда Үкімет пен Премьер-Министр актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ Бөлім құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша салааралық үйлестіру

  • жер қатынастары саясаты, жер ресурстарын басқару, геодезия және картография салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • электр энергетикасын, ядролық (атом) және баламалы энергетиканы, жаңартылатын энергия көздерін, уран өнеркәсібін дамыту салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, электрондық үкімет, инновациялық даму және стартап-экожүйе, венчурлік нарық, электрондық өнеркәсіп, электрондық сауда салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • цифрландыру, телекоммуникация және байланыс, радиожиілік спектрі, «цифрлық телехабар тарату» (техникалық бөлім) және интернет желісі, жасанды интеллект, пошта саласы, жергілікті қамтуды дамыту, метрология және техникалық реттеу, экспорттық бақылау салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • геология саласын дамыту, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургия саласын дамыту, арнайы экономикалық аймақтарды, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды, көмір өнеркәсібін және дәстүрлі емес газды дамыту, экология салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • азаматтық авиацияны дамыту, су және автомобиль көлігін, теміржол саласын дамыту, көліктік бақылау, автожол саласын дамыту, көлік логистикасы мен инфрақұрылымды дамыту салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін, туризмді дамыту мәселелері жөніндегі шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • индустриялық және инновациялық саясат, ғарыш қызметі, өңдеу өнеркәсібінің жеңіл және өзге де салалары, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және химия өнеркәсібі, бағалы металдар мен тастар, машина жасау саласы, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, құрылыс индустриясы, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы қызметі мен корпоративтік басқарудың дамуы салаларына қатысты мәселелер бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау;
  • Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес (Инвестициялық штаб) және Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық қызметінің мәселелері бойынша Үкіметтің шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және дайындау.

 

Премьер-Министрдің, Үкімет пен Аппарат басшылығының қызметін сараптамалық-талдамалық және ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз ету

  • Үкімет пен Аппарат басшылығының тапсырмасы бойынша Бөлім құзыреті шегінде заң жобаларын, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерін, Аппарат басшысы бұйрықтарының жобаларын және өзге де актілер жобаларын қарайды және олар бойынша қорытындылар (ұсынымдар) дайындайды, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жүргізеді, оның нәтижелері Премьер-Министр оның орынбасарлары мен Аппарат басшысының тиісті құжаттарға қол қою немесе келісу туралы шешім қабылдауы кезінде ақпараттық-ұсынымдық сипатта болады;
  • Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Аппарат басшысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қатысуға шақыра отырып, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастырады;
  • өзекті мәселелер мен азаматтардың өтініштері бойынша талдамалық жазбалар дайындау;
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің және Үкімет пен Премьер-Министрдің өзге де актілерінің практикалық орындалуы мен қолданылуын талдауға қатысады;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік кеңесшісінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары шешімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын проактивті бақылау;
  • Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың және Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру.

 

Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі

Ерлан Қайырбекұлы Өскенбаев

 

Целиноград қаласында дүниеге келген.

Университетті «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген. 2013 жылы «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша диплом алған, сондай-ақ 2016 жылы Австралиядағы University of Wollongong университетінде халықаралық зерттеулер магистрі (Master of International Studies) дәрежесі бойынша оқуын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010-2012 жылдары жеке секторда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық жабдықтар және стандарттау орталығының стандарттау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2016 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық жабдықтар және стандарттау орталығының басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020 жылы ҚР энергетика министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі.

2023–2024 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығының инспекторы.

2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Үкіметінің Аппараты Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімі

Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары

Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың Үкімет пен Премьер-Министр актілерін әзірлеу және іске асыру процесіндегі қызметін үйлестіру, сондай-ақ бөлім құзыреті шегінде салалар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету:

  • жасанды интеллектті енгізу, жасанды интеллект саясаты, стартап-экожүйені дамыту, венчурлік нарық, электрондық өнеркәсіп, IT-саланы дамыту, цифрлық сауаттылық және АКТ-білім беру мәселелері бойынша Үкімет, Премьер-Министр, Үкімет басшылығы мен Аппараттың шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және әзірлеу;
  • цифрландыру және цифрлық трансформация саясаты, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық үкімет, биометрия және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша Үкімет, Премьер-Министр, Үкімет басшылығы мен Аппараттың шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және әзірлеу;
  • байланыс және телекоммуникациялар, ғарыш қызметі, пошта саласы, электрондық сауда, геодезия және картография мәселелері бойынша Үкімет, Премьер-Министр, Үкімет басшылығы мен Аппараттың шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Комиссия, сондай-ақ цифрлық трансформация жөніндегі Оперативтік штаб жұмысы бойынша Үкімет шешімдерін талдау, мониторингтеу, үйлестіру және әзірлеу.

 

 

 

 

 

Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі

Мұқышев Дамир Тілектесұлы

 

 

Экономикалық бөлім

Экономикалық бөлім

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

  • елдің экономикалық саясатын қалыптастыруда үйлестіруші рөлді қамтамасыз ету және жәрдемдесу;
  • негізгі экономикалық бағыттар бойынша болжау процесін жетілдіру және сараптамалық-талдау жұмысын күшейту;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесін, мемлекеттік статистика жүйесін дамыту, макроэкономикалық болжау және елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарлардың орындалуына талдау және мониторинг жүргізу;
  • салық-бюджет саясаты, мемлекеттік сатып алу әдіснамасы, монополияға қарсы реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, табиғи монополиялар, сыртқы сауда саясаты, инвестициялар, экспорт, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ Ұлттық Банкпен және ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен ақша-кредит саясаты, банк саласы, валюталық реттеу, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру қызметі, Ұлттық қор жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
  • халықаралық санкциялық режимдерді талдау және мониторинг жасау: сыртқы санкциялардың ел экономикасына, сауда ағындарына және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауға әсерін бағалау;
  • экономика және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Үкімет басшылығында және Үкімет Аппаратында өтетін кездесулерге, кеңестерге ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
  • Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының халықаралық сапарларын, кездесулерін (келіссөздерін) ұйымдастыру;
  • шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге қатысу.

 

 

Экономика бөлімінің меңгерушісі

Жұмабаев Дархан Бақытжанұлы

 

Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы бойынша Салық комитетінің Cалықтық әкімшілендіру бөлімінің маманы болып бастаған.

2008–2009 жылдары — Жамбыл облысы Талас ауданы бойынша Салық басқармасы Өндірістік емес төлемдер мен арнайы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2009–2012 жылдары — Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2012–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті салық саясаты басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2015–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының (бұрынғы ҚР Премьер-министрінің Кеңсесі) бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы, сектор меңгерушісі, экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Экономика бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік даму бөлімі

Әлеуметтік даму бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік кеңесшісінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары шешімдерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын проактивті бақылау, Премьер-Министрді осы мәселелері бойынша хабардар ету; 

  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі қызметін мониторингілеу;

  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін сараптамалық-талдамалық қамтамасыз ету;

  • ұлттық жобалардың және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының базалық KPI-ге қол жеткізу деңгейін мониторингілеу; 

  • Әлеуметтік-мәдени сала мәселелері бойынша фокус-топтарды, экспресс-зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

  • қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, әлеуметтік тәуекелдерді талдау және болжау;

  • Бөлімнің құзыретіне кіретін салааралық мәселелерді шешу;

  • Әлеуметтік - мәдени саланың салааралық және ведомствоаралық мәселелерін шешу бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

  • Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет Аппаратының басшысы үшін Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Үкімет Аппараты басшысының тапсырмалары бойынша өзге де ақпаратты дайындауға қатысу;

  • орталық, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктерді жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 

  • Премьер-Министр мен оның орынбасарлары басқаратын Президент пен Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

  • депутаттық сауалдар, депутаттардың хаттары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынымдары мен қаулылары, сондай-ақ прокурорлық ден қою актілері бойынша Үкіметтің жауаптарын қарау және дайындауды ұйымдастыру;

  • заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайды және олар бойынша өз қорытындылар мен ұсыныстар беру.

 

Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі

 

Абылқасова Анара Сайранқызы

 

Анара Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1997 жылдан 2009 жылға дейін Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысқан.

2009 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болды.

2020-2026 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Кадр жұмысы бөлімі

Кадр жұмысы бөлімі

 

Негізгі міндеттер мен функциялар:

 

  • Адами ресурстарды басқарудың сапалы жүйесін қалыптастыру;

  • ұжымда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және оңды әлеуметтік-психологиялық климатты дамыту;

  • Үкіметпен немесе Премьер-Министрдің келісуімен тағайындалатын лауазымдар тізбесіне енгізілген тұлғалармен жұмыс үйлестіру;

  • Үкімет Аппаратының персоналымен жұмыс;

  • Кадрларды іріктеу және қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруін ресімдеу;

  • Үкімет Аппаратының адами ресурстарға қажеттілігіне жоспарлау, сондай-ақ министрліктер мен олардың ведомстволарының кадрлық ауысуы мен құрамына талдау жасау;

  • Үкімет Аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дамуын қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген персоналды басқару бойынша басқа да міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру.

Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі

Амангүл Құмарбекқызы Ыбыраева

 

1968 жылығы  17 шілдеде  Семей облысында дүниеге келген.

Алматы архитектуралық-құрылыс институтын аяқтаған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Францияның Ұлттық Мемлекеттік басқару мектебінде (ENA), Duke Университетінде (АҚШ) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынанөткен.

2025 жылы «Стратегиялық персоналды басқару (Advanced Diploma in Strategic People Management)» 7-деңгейдегі CIPD кәсіби сертификатын алды.

Еңбек жолын 1990 жылы «Казгипроагропромстройиндустрия» МҚК технологиялық бөлімнің инженері қызметінен бастаған.

  • 1992-1994 жылдары Алматы қалалық әкімшілігінде жұмыс істеді.
  • 1994-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының инспекторы, аға инспекторы, референті, Жоғары және орталық атқарушы органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия аппаратының аға референті.
  • 1998-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі.
  • 2010-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2014-2019 жж. –  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының меңгерушісі.
  • 2019-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
  • 2023 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі

 

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қорғаныс қабілеті, құқықтық тәртіп, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру

  • өзекті мәселелер бойынша талдау жұмыстарын жүргізу;
  • мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.

Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Аппараттың қорғаныс қабілеттілігі, құқықтық тәртіп, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін сараптамалық-талдамалық және ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз ету

  • заңдар мен Президент актілерінің жобаларын, сондай-ақ Үкімет, Премьер-Министр қабылдайтын шешімдердің жобаларын сараптау, қорытындылардың нәтижелері бойынша дайындау;
  • заңдар мен Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінің жобалары бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау бойынша кеңестерді өткізуді ұйымдастыру;

 

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі

Олег Анатольевич Федоров

 

1963 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы КСРО Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Полиция полковнигі.

  • 1984 жылдан 2008 жылға дейін ішкі істер органдары жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарды;

  • 2008 жылдан 2009 жылға дейін – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары;

  • 2009 – 2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;

  • 2013-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі;

  • 2019 жылғы сәуірден 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;

  • 2023 жылдың ақпан айынан – ҚР Үкіметі Аппаратының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі 

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

ҚР Үкіметінің Аппаратында мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі

Бейбітқали Айткешұлы 

 

1977 жылғы 15 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау агенттігінен бастаған. 

  • 2002-2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
  • 2013-2017 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі; 
  • 2017 жылғы шілде-желтоқсан — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2018 жылғы қаңтардан бастап — Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі.
  • 2023 жылғы ақпанда ҚР Үкіметінің Аппараты  Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қаржы бөлімі

Үкімет Аппаратының Қаржы бөлімі

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

  • қаржы-экономикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық-талдамалық функциялар, Аппараттың уақтылы және үздіксіз жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • Үкімет Аппараты қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру;

  • Аппараттың қаржылық және бюджеттік қызметінің мониторингі объектілері бойынша электрондық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу;

  • Аппараттың негізгі қаржылық-ұйымдастырушылық бағыттары бойынша болжау процесін жетілдіру;

  • Үкімет басшылығы мен Үкімет Аппаратының қазіргі заманғы цифрлық қамтамасыз етілуін дамыту жөніндегі техникалық жұмыстарды үйлестіру;

  • Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

 

Қаржы бөлімінің меңгерушісі

 Бердібек Қуанұлы Мейірбеков

 

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, экономикалық ғылымдарының кандидаты.

  • 1983-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Мемлекеттік банк бөлімінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

  • 1991-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кентінде Агромпромбанк филиалының басшысы, «Қазақстан Әлем Банкі» АҚ жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің вице-президенті. 

  • 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 1999-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

  • 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2014-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

  • 2023 жылғы ақпаннан бастап – ҚР Үкіметінің Аппаратының Қаржы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

 

Негізгі міндеттері мен функциялары:

 

  • Құпияны қоспағанда, Үкіметтің іс қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді, хат-хабарларды өңдеуді жүзеге асырады;

  • Келіп түскен хат-хабарларды есепке алуды және тіркеуді, алдын ала қарауды, бөлуді, оны Премьер-министрге, оның орынбасарларына, Үкімет Аппаратының басшылығы мен құрылымдық бөлімшелеріне жедел жеткізуді, құжаттардың уақтылы өтуін бақылауды жүзеге асырады;

  • Құжат айналымын қысқарту және оңтайландыру, іс жүргізудің тиімді нысандарын енгізу шараларын қабылдайды;

  • Үкімет Аппаратының архивтік қорын қалыптастырады, құпия құжаттарды қоспағанда, құжаттардың түпнұсқаларын ведомстволық архивте ағымдағы архивтік сақтауды ұйымдастырады;

  • Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың Үкімет регламентін, іс жүргізу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

  • Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы электрондық құжат айналымы жүйесіне деректерді енгізуді жүзеге асырады;

  • Кезеңдік негізде Үкімет Аппаратының басшылығына есепті ақпаратты, сондай-ақ тапсырмаларды іске асырудың бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі негізгі трендер бойынша ақпаратты енгізеді;

  • Үкімет мүшелерінің, акционерлік қоғамдар (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар) басшыларының ұсыныстары бойынша Үкімет отырыстарында қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастырады;

  • Кейіннен ведомстволық архивке беруге дайындай отырып, Үкімет қаулылары мен Премьер-министр өкімдерін шығаруды, оларды тіркеуді, таратуды және сақтауды жүзеге асырады;

  • Үкімет Аппаратында қарауға енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобаларының мәтіндеріне, Мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына жауаптарға, Құрылтай депутаттарының заң жобаларына түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларына, Премьер-министр төрағалық ететін кеңестер мен отырыстар хаттамаларының жобаларына, оның ішінде құпия сипаттағы жобаларға редакциялық сараптама жүргізеді.

     

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі 

Асхат Маратұлы Қожахметов

 

1984 жылы ШҚО Семей қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде бастаған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

· 2007-2011 ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бөлімінің сарапшысы;

· 2011-2012 ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бөлімінің бас сарапшысы;

· 2012 «Ақпаратты техникалық қорғау» ММ директордың орынбасары;

· 2013-2019 ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бөлімінің бас инспекторы;

· 2019-2023 ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бөлімінің меңгерушісінің орынбасары;

· 2023-2025 ҚР Үкіметі Аппараты бөлімінің меңгерушісінің орынбасары;

· 2025 маусымнан бастап ҚР Үкіметі Аппараты Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімі

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімі 

 

Негізгі функциялары мен міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алуды, тіркеуді және бақылауға алуды қамтамасыз ету

  • Құпияға жататындарды қоспағанда, азаматтардың келіп түсетін өтініштері бойынша іс қағаздармен жұмысты ұйымдастыру, хат-хабарларды өңдеуді жүзеге асыру;

  • электрондық және қағаз жүзінде ресми арналар арқылы келіп түсетін, Аппараттың азаматтарды қабылдау арқылы қағаз жүзінде келіп түсетін, сондай-ақ Аппараттың «хат-хабарларды қабылдау жәшігінде» өтініш берушімен қалдырған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз ету;

  • Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын бақылау;

  • азаматтардың өтініштерін қарау шеңберінде Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының, Үкмет пен Премьер-Министрдің актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларының, Үкімет отырыстарының, Премьер-Министр және оның орынбасарларының, Аппарат басшысының жиналыстарының хаттамалық шешімдерінің орындалу барысы туралы Премьер-Министрді және Аппарат басшылығын хабардар ету;

  • «e-Өтініш» ақпараттық жүйесін және талдау құралдарын одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;

Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру

  • алдын ала жазылу бойынша Үкімет Аппаратының басшылығы мен лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін онлайн және офлайн жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу;

  • мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, Үкімет пен Аппарат басшылығының қабылдау кестесін Үкіметтің ресми сайтында орналастыру;

  • Аппараттың азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгінген жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультациялық көмек көрсету;

  • жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында, соның ішінде Аппаратың азаматтарды қабылдау бөлмесінде берілген өтініштердің қаралуын және тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

Келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу

  • мемлекеттік органдар мен өңірлер бөлінісінде өтініштерді талдау және халықтың өтініштерде көтеретін жүйелі проблемаларын анықтау жөніндегі жұмысты үйлестіру, сондай-ақ Үкімет немесе Аппарат басшылығының қарауына шығара отырып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өтініштерімен талдамалық жұмысты үйлестіру, оның ішінде аса маңызды жүйелік проблемаларды Үкімет отырыстарына шығару;

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды үйлестіру

  • орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруын және жүргізуін бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың фронт-офистерінің жұмысын үйлестіру;

  • жүйелі проблемаларды анықтау, оларға қатысты ұсыныстар әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік және жергілікті  атқарушы органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 

  • өтініштерді қарау және олар бойынша қабылданған шаралар саласында Ұлттық баяндаманы жасау жұмысын үйлестіру;

  • байланыс арналарын оңтайландыру мәселесін үйлестіру және олардың қызметін регламенттеу.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің меңгерушісі

Данияр Болатұлы Хасенов

 

1984 жылы Алматы қаласында туған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қ. Ақпараттық-талдау орталығының Болжау-талдау бөлімінің сарапшысы, Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы болып бастады.

  • 2007 жылдан 2008 жылға дейін – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің Қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы. 

  • 2008-2012 жылдар аралығында Астана қ. Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық қауіпсіздік және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болды.

  • 2012-2017 жылдары Вена Еуро-Азия Форумның вице-президенті және жеке құрылымдарда қызмет атқарды (Вена қ., Австрия). 

  • 2018-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің консультанты және инспекторы лауазымдарын атқарды.

Жаңалықтар тізбегі

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды.

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NU базасында аса маңызды минералдар саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында қазақ-бельгия дөңгелек үстелін өткізді.

«Заң мен тәртіп» және азаматтардың цифрлық құқықтарын Конституция деңгейінде қорғау: Қазақстанда кибералаяқтық саны 40%-ға азайды, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері тарапынан Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлесіп киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың интеллектуалды жүйесін құру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихатындағы негізгі қорытындылар

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрлеріі Ростислав Коняшкин пен Бақтияр Мұхаметқалиев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев, сондай-ақ қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов қатысты.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы