Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы

«Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi                                                             О. Бектенов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу