Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 мамырдағы № 670 және «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 24 ақпандағы № 106 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 670 қаулысы;

2) «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 24 ақпандағы № 106 қаулысы.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу