Премьер-Министр Хатшылығының негізгі міндеті — Премьер-Министрдің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және консультациялық қамтамасыз ету.
Хатшылықтың негізгі функциялары:
Премьер-Министрдің ай сайынғы жұмыс кестесін дайындау, оларды күнделікті түзету, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау;
Премьер-Министр қабылдау бөлмесінің тәулік бойы жұмыс істеуі;
сыртқы экономикалық ынтымақтастық, хаттама және өңірлік даму бөлімдерімен бірлесіп, Премьер-Министрдің ресми сапарлары мен жұмыс сапарларын дайындауды және қамтамасыз етуді үйлестіру;
Премьер-Министрдің күнделікті жеке қабылдауын реттеу;
Премьер-Министрдің жеке мұрағатын жүргізу;
Премьер-Министрге оның қарауына келіп түсетін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, қызметтік жазбалардың, тапсырмалардың және басқа да қызметтік хат-хабарлардың жобалары, оның ішінде Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қол қою үшін келіп түсетін жобалары туралы баяндау;
Премьер-Министрдің немесе Кеңсе басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын және
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған жаңа күн тәртібін әзірледі.
Үкіметтің жаңа күн тәртібін тиімді іске асыру мақсатында БАӘ, Малайзия және Ұлыбритания сияқты елдердің үздік халықаралық тәжірибелері негізінде Үкіметтің Жобалық офисі құрылды.
Үкіметтің Жобалық офисі қызметінің негізгі артықшылықтары негізгі ұлттық сын-қатерлерге назар аудару, артық бюрократиясыз шешімдер қабылдау мүмкіндігі, икемді ұжымдық жоспарлау, сценарийлік болжау және т. б. болып табылады.
Үкіметтің Жобалық офисінің негізгі міндеттері Үкіметтің жаңа күн тәртібіндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруға бақылауды жүзеге асыру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ететін жаңа шараларды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі
Әлібек Шерметұлы Оразов
2008 жылы City University London университетінде халықаралық санаттағы жоғары экономикалық білім алды. Қаржы (University of Nottingham, 2011 жыл) және Мемлекеттік басқару (Назарбаев Университеті, 2017 жыл) магистрі.
Әр жылдары «Агрофирма TNK» ЖШС (2014-2016), «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (2013-2014), «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС (2010-2013) және т. б. басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты лауазымын атқарды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен 2020 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Амангүл Құмарбекқызы Ыбыраева
1968 жылы Семей облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын тәмамдаған. London School of Economics (Ұлыбритания), Duke University (АҚШ) қайта даярлаудан өтті.
1994-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің инспекторы, бас инспекторы, референті, бас референті, консультанты, бас сарапшысы болып қызмет еткен.
2007-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, Бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшылығы Хатшылығының меңгерушісі.
2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:
1. Премьер-Министрдің және Үкіметтің жұмысын жариялау мақсатында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл орнату:
2. Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.
3. Премьер-Министр мен Үкіметтің жұмысын БАҚ-та жариялау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру
ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі
Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов
1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады.
2012-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтының тілшісі болып жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу және талдау басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы – Баспасөз қызметінің басшысы.
2019-2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
2020-2021 жылдары — Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2021-2022 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Баспасөз қызметінің басшысы.
2022 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі.
Өкілдік Үкіметтің заңнамалық бастамаларын іске асыруға қатысады, депутаттардың талқылауы барысында Үкіметтің ресми позициясын ұстанады және үкіметтік және өзге де заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың Үкімет Регламентінің талаптарын орындауы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Өкілдік Парламентте мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмыстарын мониторингінің қорытындысы бойынша Үкімет енгізген заң жобаларының, басқа да заңдар жобаларының өтуі және Парламент қарап жатқан және Үкіметтің қызметіне қатысы бар өзге де мәселелер туралы Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын жүйелі түрде хабардар етеді.
Өкілдік Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының пленарлық (бөлек) және бірлескен отырыстарына қатысуын және сөйлеуін, олардың депутаттармен және олардың бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.
Өкілдік Парламентте қарастыратын Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда Үкіметтің заңнамалық бастамасын іске асыру және басқа да мәселелер бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне ақпарат береді және Кеңсені Қазақстан Сенат және Мәжіліс аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ермек Әмірханұлы Аманшаев
1963 жылы 12 наурызда ҚазКСР-да туылған.
Еңбек өтілі:
Жиынтық-талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі
Дмитрий Сергеевич Глухих
1974 жылы 19 сәуірде ҚазКСР Целиноград қаласында туған. 1996 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
«Есіл», «Столичный проспект», «Нива», «Азамат times», «Вечерняя Астана» газеттерінде, «Хабар» Агенттігі» АҚ-да журналист болып жұмыс істеген.
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан бастап Ақпараттық және парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметінің жетекшісі болды.
2007 жыл — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
Заң бөлімінің негізгі міндеті — Премьер-Министрдің, Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Заң бөлімінің жұмысының негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі
Өңірлік даму бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі
Руслан Қапызұлы Мағзұмов
1975 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1996-1998 жылдары — «Қарағандыавтожол» қазыналық кәсіпорнының жол қорын жинау бөлімінің бас маманы.
1998-2001 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінің экономисті, жетекші экономисті, бас маманы.
2001-2003 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2003-2008 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қаржы департаментінде директордың орынбасары, директор.
2008-2009 жылдары — «ҚазАвиаЛизинг» АҚ инвестициялар және лизинг жөніндегі вице-президенті.
2009-2010 жылдары — «Қазақстандық көліктік лизингтік компания» АҚ вице-президенті.
2010-2011 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Қаржы және құжатпен қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Қаржы департаментінің директоры, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарын бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары.
2014-2019 жылдары — «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры.
2020 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымында жұмыс істеді.
2022 жылғы ақпанда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің өкімімен ҚР ПМК Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Экономикалық бөлімнің негізгі міндеттері:
Премьер-Министр Кеңсесінің экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Асқарбек Маратұлы Ертаев
1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
«Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
1997-2000 жылдары — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша II санаттағы маманы.
2000-2014 жылдары — «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Ақтөбе филиалы, «Көмірбанк» ААҚ, «Наурыз банк Қазақстан» ААҚ, «БанкТұранАлем» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ-та түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.
2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде басшылық лауазымдарда болған.
2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары.
2018-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.
2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2022 жылғы 29 маусымда ҚР Премьер-Министрінің өкімімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары:
Функциялары:
Функциялары:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
Аян Еранұлы Мағзұмов
1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «экономист» мамандығы бойынша, Шеффилд университетін мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.
2009-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
2011-2012 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
2013-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.
2018 жылғы мамырдан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі.
2019 жылғы сәуірден бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас инспекторы.
2019 жылғы қарашадан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы қазаннан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі
Еділ Сабырұлы Оспан
1983 жылы 29 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылында дүниеге келген.
2003 жылы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетін тәмамдаған.
2018-2019 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша University of Exeter-де (Ұлыбритания) оқыған.
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында Экономика және құқық колледжінде оқытушы болып бастады.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л.Н. Гумилев ЕҰУ-да аға оқытушы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет еткен.
2007 жылдан – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
2010 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
2019 жылдан – «Аманат» партиясы «Қоғамдық саясат институты» директорының орынбасары.
2020 жылы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
2021 жылдың ақпан айынан бастап – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары
Бөлім қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері:
Міндеті — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
Функциялары — ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды жинақтап, жүйелейді, қорытындысы бойынша жиынтық анықтамалар дайындайды.
Міндеті — инспекциялауды, бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларын іске асыруды қоса алғанда, бақылау және мониторинг.
Функциялары:
бағдарламалық құжаттардың, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инспекциялау шеңберінде қарауды жүзеге асырады, қорытындылар бойынша талдамалық жазбаларды (анықтамаларды) және/немесе қарарлардың жобаларын дайындайды;
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау процесінде Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Міндеті — қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша кіріс хат-хабарлармен және нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен жұмыс.
Функциялары:
Міндеті — Ережеге сәйкес жұмылдыру тапсырмасын ескере отырып, Кеңседе және ведомстволық бағынысты ұйымда жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды бейбіт уақытта өткізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі
Олег Анатольевич Федоров
Олег Анатольевич 1963 жылы ҚазКСР Алма-Ата қаласында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы бастады.
Түрлі жылдары әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
2009-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;
2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;
2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі;
2019 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.
Бөлім қызметінің негізгі бағыты — Кеңседе мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі
Бейбітқали Айткешұлы
1977 жылғы 15 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау агенттігінен бастаған.
2002-2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2013-2017 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі;
2017 жылғы шілде-желтоқсан — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2018 жылғы қаңтардан бастап — Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары
Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Кеңсе туралы ережені және бөлім туралы ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысы бекітеді.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі қызметі:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметін қаржылық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомство жанындағы мекемелердің қаржылық және бухгалтерлік есептілік қызметін үйлестіру;
Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерінің қызметін шаруашылық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Үкімет мәжілістеріне, селекторлық және кеңейтілген отырыстарға, осы іс-шараны дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімдерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК, «ҰАТ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқа ұйымдардың тиісті қызметтерімен бірге залдарды дайындауды ұйымдастыру;
Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерін көлік қызметімен қамтамасыз ету;
Барлық ресми Үкіметтік басылымдарды («Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» және «Үкімет бюллетені») дайындау және уақтылы шығару және оларды жазылушыларға жеткізілуін бақылау;
Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі
Бердібек Қуанұлы Мейірбеков
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, экономикалық ғылымдарының кандидаты.
1983-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Мемлекеттік банк бөлімінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1991-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кентінде Агромпромбанк филиалының басшысы, «Қазақстан Әлем Банкі» АҚ жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің вице-президенті.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1999-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2014 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары
1. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың іс жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру мен жетілдіру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
2. Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау.
3. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңімен енгізу.
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев
1990 жылы Алматы қаласында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, MBA бағдарламасы бойынша International Business School, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тәмамдаған, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және University of California-да біліктілігін арттырған.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Ел үміті» бағдарламасының финалына шыққан.
Еңбек жолын 2010 жылы «Қазпошта» АҚ бас маманы болып бастады.
2010-2014 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жанындағы трансформация командасында бас менеджер, ARIS-архитектор, бағыт жетекшісі.
2016-2020 жылдары «Қазпошта» АҚ-да басшылық лауазымдарда болған.
2020-2021 жылдары — «BI Group» компаниясының техникалық директоры.
2021-2022 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ сервис жөніндегі басқарушы директоры.
2022 жылғы сәуірден бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №64 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №1144 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы №49 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1137 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №44 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №41 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №39 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №36 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №34 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №30 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы №26 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1139 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №18 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1146 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1140 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1141 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 15 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1138 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1136 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1091 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1035 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1125 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1122 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1129 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1100 қаулысы