Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысы

Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін

және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағына және 509-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   О. Бектенов   

 

 

Қосымша

 

Ереже

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу