3 наурыз күні Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі, 3 наурыз күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — автожол саласын дамыту.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына: ️

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев; ️

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев; ️

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу