09 Қаңтар 2026, 12:20
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 389-жолдың 5-бағанында:
«11) «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;»;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
реттік нөмірі 397-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
реттік нөмірі 402-жолдың 5-бағанында:
«15) «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу