09 Қаңтар 2026, 12:28
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
7) |
республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға |
ЛА-дан 1 % |
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа |
»;
реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
7) |
республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға |
ЛА-дан 10 % |
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
«
|
7. |
Біліктілік тестінен өткен және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары бойынша оқу – жаттығу процесін іске асыратын балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, мамандандырылған балалар- жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жаттықтырушы-оқытушыларына |
Жаттықтырушы-оқытушылық шеберлік санаты үшін қосымша ақы |
ЛА-дан |
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді, бірақ нормативтік оқу жүктемесінен аспайды.
|
».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу