16 Қаңтар 2020, 11:11
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда проценттік қатынаста:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;
2) еңбекші иммигранттарды тартуға 3,9 % мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу