Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды

Сенбі, 14 Қыркүйек 2019, 10:24:06

Жұма күні, 13 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Армения Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кірді.

Бердібек Сапарбаев пен Армения Премьер-Министрінің орынбасары Тигран Авинянның кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды.

«Қазақстан Армениямен өзара тиімді серіктестікті дамытуға, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән береді, сондықтан біз Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша білім, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылауға келдік», — деді Б. Сапарбаев. 

Өз кезегінде Арменияның Вице-Премьері екіжақты байланыстарды тереңдетуге қызығушылық танытып, елдеріміз арасындағы тауар айналымын ұлғайтудың елеулі әлеуетін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев армян әріптесіне кітаптар сыйлады, атап айтсақ: Абай шығармаларының жинағы, Әл-Фарабидің «Таңдамалы трактаттары» және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы.

Сонымен қатар, Ереван қаласында қазақстандық делегация «TUMO» креативті технологиялар орталығында болды. Орталықта 12-18 жас аралығындағы балалар заманауи технологияларды қолдана отырып, АT-саласындағы жұмыстарға оқытылады. Оқыту төрт бағытта ұйымдастырылған: анимация, ойындар әзірлеу, веб-әзірлеу және цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары, мұнда би, спорт және музыкамен айналысуға көңіл бөлінеді. 2016 жылы «TUMO» француздық «We demain» журналы құрастырған әлемдегі инновациялық мектептер рейтингінде бірінші орын алды. Орталықтың бөлімшелері Парижде, Мәскеуде, Бейрутте және басқа қалаларда жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Вице-Премьер «Армения балалары» (COAF) қайырымдылық қорының жұмыс тәжірибесімен танысты. COAF негізінен балалармен және жастармен жұмыс жасай отырып, ауылдағы кедейлік проблемаларын жан-жақты шешу үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ереван мемлекеттік университетін аралау барысында Бердібек Сапарбаев Қазақ тілі, мәдениеті және тарихы орталығында болды. Мұнда Вице-Премьер қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеп, үйреніп жүрген студенттермен әңгімелесті, сондай-ақ орталыққа қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 50 кітапты сыйға тартты. Олардың ішінде Абай, М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Кекілбаев, А. Жұбанов және т. б. ірі тұлғалардың шығармалары бар.

Бердібек Сапарбаев Армения Ұлттық кітапханасына және «Матенадаран» ежелгі қолжазбалар институтына тағы 50 кітапты сыйлады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация стоматология және эстетикалық медицина саласындағы жаңа бағдарламалар мен тәсілдерді қолдануды ынталандыратын және дамытатын «Аванта» инновациялық медицина орталығына барды. Бүгінде клиникаға әлем елдерінен 77 мыңнан астам емделуші келген.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.