Күрделі су тасқыны жағдайына жедел ден қою үшін 20 мыңнан астам құтқарушы әзірлікке келтірілді - ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар бойынша министрлік күрделі су тасқыны жағдайына жедел ден қою үшін 20 мыңнан астам адамнан тұратын барлық құтқару бөлімшелерін әзірлікке келтірді, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министрі Валерий Петров.



«Біздің Министрлік күрделі су тасқыны жағдайына жедел ден қою үшін саны  23 мыңнан астам адам мен 3 мың бірлік техникадан тұратын барлық құтқару бөлімшелерін әзірлікке келтірді… Үкімет тапсырмасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттары ағымдағы жылы тасқынға қарсы іс-шараларға жергілікті бюджетті 5,4 млрд. теңгеден 14,5 млрд. теңгеге дейінұлғайтты», - деді В.Петров.




Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар қардың еруіне, өзендердің ашылуына, су құйылуына бақылауды және тасқын жағдайына ғарыш мониторингін; сел-, сырғыма- және көшкін қауіпті учаскелерге үздіксіз бақылауды тұрақты негізде жүргізетінін атап өтті.
 
Комиссия 759 гидротехникалық құрылысты тексерді, су жайылу кезеңіне аса қауіпті акваторийлерді патрульдеу ұйымдастырылды; мұз кептелісін жою үшін  жанар-жағармай мен инертті материалдар, жарылғыш заттар қоры жасалды.

Сонымен қатар, елді мекендерден 6 млн. текше метр қар шығарылды және су өткізу инженерлік құрылыстары мен арық-арна жүйелері тазартылды. 

Айта кету керек, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарғанды облыстарындағы қауіпті учаскелерде 8 бірлік мамандандырылған қар жинаушы техника еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен броньнан шығарылды және ТЖМ бөлімшелеріне бекітілді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу